- Архив қорында 600 мыңнан астам құжат бар. Құжаттарды электронды жүйеге көшіру үшін әрине, уақыт керек. Электронды мемлекеттік архив құру арқылы- мемлекеттік қызмет түрлерін жеңілдету. Сұраныс түскен кезде құжаттарды сөрелерден іздеп жүрмейміз. Құжаттардың электронды нұсқасы ешқашан ескірмейді. Планетарлы сканер суреттердің үлкейтіп көрсетеді. Цифрлық жүйеге көшірілген барлық құжаттарды сақтайтын электронды сейф орнатылды,- дейді басқарма басшысының орынбасары Мәулен Ақанов.
Сонымен бірге, архивте құжаттарды электронды жүйеге көшіретін арнайы ақпараттық технологиялар бөлімі ашылды. Қазір бұл бөлімдерде тәжірибелі архив қызметкелерімен бірге жас мамандар да қызмет жасауда.
- Архив құжаттарын цифрлық жүйеге көшіру-өңірдің тарихы үшін маңызды. Болашақ ұрпаққа қажет. Қазір мыңнан астам құжаттарды цифрлық сандық жүйеге көшірдік,-дейді архив қызметкерлері.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР